Үш аптада 19 мыңға жуық адам тіркелген

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында заңдағы өзгертулерге орай, уақытша тіркелу мəселелеріне арналған брифинг болды.

Оны партия филиалы төрағасының б і р і н ш і о р ы н б а с а р ы Ғ а л ы м Б е к ма ғ а м бе то в а ш ы п , ж ү р г і зд і . Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің директоры Салтанат Кенжетаеваның айтуынша, бүгінгі күнге дейін 19 мыңдай адам тіркелсе, олардың жартысына жуығы уақытша тіркелгендер екен. Тіркелушілердің көптігіне орай, халыққа қызмет көрсету орталықтары аптасына жеті күндік жұмыс кестесіне көшкен. Қазір қызмет көрсету орталықтары таңғы сағат 8.00- ден кешкі сағат 20.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Мəселен, Көкшетау қа ласындағы Ə уе зов көше сінде орналасқан орталық күніне 1,5 мыңдай адамға қызмет көрсетсе, олардың 900-дейі тіркелуге келетіндер екен. Орталыққа келетіндер арасында қарт адамдар мен мүгедектер, басқа да топтағы адамдар барлығы ескеріліп, шай немесе ыстық тамақ ұйымдастыру да жолға қойылыпты. Қаңтардың алғашқы аптасында келушілер саны өте көп бол- са, қазір ақырындап қалыпқа түсіп келеді дейді департамент директоры. Заңдағы өзгерістерге орай, уақытша тіркелетіндер санының күрт өсуіне байланысты халыққа қызмет көрсету ауқымын кеңейту жайына да көңіл б ө л і н ге н . Эл е кт р о н д ы қ с а н д ы қ қолтаңбасы барлар интернет арқылы еш кедергісіз тіркеле алады. Оған қоса, облыс орталығында Рио, Алтын ғасыр сауда орталықтары мен орталық базар- да уақытша тіркеуді жүзеге асыратын қызмет қосындары ашылған. Соңғы кезде мүгедектер мен жүріп-тұруы қиын қарт адамдар үшін үйлеріне барып тіркету де жолға қойылыпты. Тіркелу үшін жеке бас куəлігі болса жеткілікті жəне барлық тіркеу рəсімдері бір сағаттай уақыт алады. Азаматтарды тіркеу қызметіне қатысты құзырлы орган мамандары ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері тарапынан қойылған сан түрлі сауалдарға жауап берді. Бүгінде адам- дарды шошытатын ең басты мəселе – тіркелмегені үшін айыппұл салу жазасы болса, құзырлы орган қызметкерлерінің айтуынша, əкімшілік жауапкершілікке бірден тарту қарастырылмаған. Ал- дымен ауызша, содан кейін жазбаша ескертіледі жəне ескертуден кейін де бір ай мерзім ішінде тіркелу көзделген. Яғни, азаматтардың осы кезең ішінде қызмет көрсету орталықтарына барып тіркелуге толық мүмкіндіктері бар.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар