Отандық өнім əлі де көбірек өндіріле түсуі керек

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың төрағалығымен өткен кəсіпкерлікті қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес отырысында отандық өнімдерді көбірек өндіру мəселелері талқыланды.

 

«Жергілікті өндірушілердің өңірді қажетті өнімдермен қамтамасыз етуіне шағын жəне орта кəсіпкерлерлік субъектілерінің қатысуы» тақырыбында өткен отырысқа облыстық кəсіпкерлер палатасының, кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасының, «Даму» өңірлік филиалының, облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттің, серіктестіктің басшылары мен кəсіпкерлер қатысты. Олар мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеу мəселесі жөніндегі кəсіпкерлік өкілдерінен əлеуметтік сауал анкеталарын толтырды. Отырыста кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасы басшысының орынбасары Алек- сандр Загребин күн тəртібіндегі мəселе бо- йынша хабарлама жасады. Оның айтуынша, облыс аумағында мыңға жуық өнеркəсіп пен өндіріс нысандары жұмыс істейді. Оның алты жүзі өңдеуші кəсіпорын. Жалпы өңдеуші өнеркəсіп құрылымының 36 пайызын метал- лургия, 22,7 пайызын тамақ өнеркəсібі, 15,7 пайызын машина жасау салалары құрайды. Тамақ өнеркəсібінде төрт жүзден астам кəсіпорын жұмыс істесе, олардың оны ірі кəсіпорындардың санатына жатады. Мəселен, «Молоко Синегорья» КСЗ», «КСЗ № 1-ші ба- лалар жəне профилактикалық емдеу тағамы» серіктестіктері сүт өңдеумен айналысады. «Көкшетау нан зауыты» серіктестігі нан-тоқаш өнімдерін, «Агример Астық», «Колутон-95», «Интер Трайд», «Урожай» серіктестіктері ұн өндіреді. Сондай-ақ, «Айбат», «Милк Прожект» кəсіпорындары сүт, «Астана-Агро- продукт» серіктестігі ет өнімдерін шығарады. Тамақ өнеркəсіпорындары маңызды азық-түлік тауарларымен Астана мен облыстың ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуде. Бүгінгі таңда «Қазақстанда жасалған» логотиптерін көптеген кəсіпорындар өз өнімдеріне пайдаланады. Облыстық кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасының жұмысы кəсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерінің көңілінен шықпады. Аталмыш басқарма басшысының орынбасары кеңес мүшелерінің сауалдарына мардымды жауап бере ал- мады. Бұдан кейін облыстық кəсіпкерлер палатасының директоры Еркебұлан Баяхметов сөз сөйлеп, өз жұмыстары жөнінде айтып берді. Аталмыш палата мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор кəсіпорындарының сатып алуында қазақстандық өнімнің көбеюі бойынша мақсатты əрі жүйелі жұмыс жүргізеді. Палата сарапшылары миллиардтаған сомадағы мемлекеттік са- тып алуға талдау жүргізіпті. Нəтижесінде отандық өнімнің үлесі 84 пайызды құраған. Осы орайда, отандық өнім өндірушілерді қ о л д а й т ы н ж ұ м ы с т о б ы қ ұ р ы л ы п , өнімдерге мониторинг жүргізіле бастаған. Одан əрі «Гормолзауыт» серіктестігінің дирек- торы, облыстық мəслихаттың депутаты Əсен Жақсылықов сөз сөйлеп, өз кəсіпорнының жұмысы мен қол жеткізген табыстары жөнінде айтып берді. Қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді. Отандық өнім жоқ емес, бар. Алайда, ол əлі тұтынушыларға тиісті деңгейде жетпей жатыр. Мəселен, облысқа, соның ішінде Көкшетауға сүт өнімдерінің көбі көршілес Солтүстік Қазақстан облысынан келіп түседі. Отырыс соңында облыстық қоғамдық кеңестің 2017 жылғы жұмыс жоспары бекітілді. Мұнда кəсіпкерлік саласындағы мемлекеттік жəне өңірлік бағдарламаларға партиялық мо- ниторинг жəне бақылау аясында анықталған көкейкесті мəселелер жиі талқыланатын болды.

Рамазан Тілеуов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар