Өрттен төрт бірдей отбасы зардап шекті

Үстіміздегі жылдың ақпан айының 13-і күні Целиноград ауданындағы Қараөткел ауылында өрт шықты. Өрттің салдарынан төрт отбасы, яғни, 8 ересек және 5 бала баспанасыз қалды.

Зардап шеккен үш отбасына Қараөткел ауылдық округі әкімі аппараты екі ай мерзімге 165 мың теңге ақысын төлеп, уақытша баспана жалдады. Сондай-ақ, алғашқы кезекте қажетті азық-түлікпен және тұрмыстық заттармен қамтамасыз етілді. Үш үй иесі бір реттік материалдық көмекке құжаттарын өткізді. Ал, зардап шеккен отбасылардың балаларына жергілікті мектеп басшылары оқу құралдары және киім-кешектер әперіп, көмектесуде. Бүгінгі күні балалар мектепке барып жүр. Жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен бес балаға сыртқы киімдер мен аяқ киімдер әперілді.
Қазіргі таңда бұл мәселе аудан әкімінің бақылауында. Мамандар өрттің шығу себептерін анықтау үстінде.     
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар