№7 мектеп-лицейінің спорт залында өткен «Бурабай Барысы» сайысынан біз осыны анық аңғардық. Жарысқа «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының атқарушы директоры Арман Шораев және «Қазақстан Барысы» турнирінің үш мәрте жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев арнайы шақырылып, мектеп оқушыларымен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Жарыстың бас жүлдесін Арман Шораев тағайындады. Ұлттық спорт жарысын қаламыздың абыройлы азаматтары қолдап, демеушілік көрсетті. Атап айтсақ, «Восток Энерго» ЖШС директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Т.Жалмағамбетов, аудандық мәслихаттың депутаттары «Щучинск қазандық-механикалық зауыты» ЖШС директоры М.Ахметов, Ұрымқай орман шаруашылығының директоры Ж.Бектұров, «Хоттей» ЖШС директоры Б.Әбдірахманов, «Восток» сауда үйінің директоры А.Питилимов, жеке кәсіпкерлер М.Салықов пен К.Тұймақов және ата-аналар С.Ертайлақ, Е.Самалхан, Қ.Томанов, А.Қабдуллина және Г.Қазизова жомарттық танытты.
Боз кілемге ең мықты деген 8 балуан шықты. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Нұрлан Жамалов, 2 орынды Сейітхан Мағжан, 3 орынды Нұрлан Рауят иеленді. Ал, ақтық сыннан өте алмаған балуандарға да жеңіске деген ынтасы үшін арнайы сыйақы тағайындалды. Жарысты көруге келген күрес жанкүйерлері мен құрметті меймандар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып өтті.
Мейрамбек РАҚЫМЖАНОВ,
мектеп директорының орынбасары.
Бурабай ауданы.