Ұлт денсаулығы үшін

№2 Ақмола облыстық ауруханасында Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің қолдауымен осы елдің үздік неонатологтары біздің дәрігерлерге  шеберлік сыныбын  өткізді.

«Неонаталдық реанимация» тақыры-бында өткен бұл дәрісте  Түркияның жетекші дәрігерлері,  медицина ғылымдары университетінің  профессоры Дэрья Буюккайхан, Стамбұл университетінің доценті Ильке Мунган, балалар денсаулығы және аурулары клиникасының дәрігері, доцент Ширин Гювен жаңа туған нәрестелердің бо-йында байқалатын паталогиялық аурулармен күресу жолдарын атап көрсетті.  Шеберлік сыныбына барлығы 60 дәрігер қатысты. Олардың 30-ы неонатолог дәрігерлер.
Шеберлік сыныбында профессорлар лекция оқып қана қоймай, заманауи симуляциялық манекендердің көмегімен тәжірибе жасады. Бұл дегеніңіз, жаңа туған нәресте тыныс ала алмай жатқанда, я болмаса, әртүрлі дерттерге байланыс-ты денсаулығы күрт нашарлағанда, шұғыл медициналық көмектің түрлерін көрсету үшін қажет.  Осындай мәселелерді ортаға салып, ой бөліскен ақ халаттылар ұлт  денсаулығы ана мен баладан басталатындығын баса айтты.
– Дәрігер міндетті түрде өз ісінің шебері болуы керек. Себебі, оның қолында адам тағдыры. Әсіресе, қандайда бір дертке шалдыққан баланы ажалдан арашалап қалу басты мақсатымыз. Қазіргі таңда бо-йында  патологиялық аурулары бар балалар көбейіп барады. Біз осыны болдырмауымыз керек. Түркия осы жағынан алып қарағанда белгілі бір нәтижеге қол жеткізіп отыр. Мәселен, бұрнағы жылдары  1000  сәбидің  40-ы түрлі себептерге байланысты шетінеп кетсе, қазіргі таңда олардың саны 7-ге дейін кеміген. Мерзімінен бұрын туған балаларды аман сақтап қалу үшін міндетті түрді заманауи жабдықталған арнайы аппараттар қажет, – дейді түркілік ғалым Дэрья Буюккайхан.
Оқыту курстары аяқталған соң біздің мамандарға арнайы сертификаттар табыс етілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар