Үш жақты келісім

«Әлеуметтік серіктестік ретіндегі мемлекет, бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы» тақырыбында өткен диалог алаңында үш жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Шара барысында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова диалог алаңының нәтижелі болатындығына сенім білдіріп, түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуде ҮЕҰ мен бизнес өкілдерінің өзара тығыз қарым-қатынасын реттеудің ортақ іске көп көмегі тиетіндігін атап өтті. Облыстық кәсіпкерлер палатасының  директоры Еркебұлан Баяхметов өздерінің қызметі туралы түсінік беріп, бизнес өкілдеріне заң шеңберінде қашанда көмек қолын созуға дайын екендіктерін жеткізді. Бүгінде қайырымдылық шараларына қолдау білдіріп жатқан бизнес өкілдері де жоқ емес. Бірақ, бір көмектескен адам одан кейін де әрі қарай міндетті түрде көмек беріп тұруы керек деп түсініп, қайта-қайта жәрдем сұрап жататындар да бар екендігі айтылды. Мәселен, Ақмола облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Дәмелі Қойшина осы орайда, белгілі бір нақты есептің болуы керектігін алға тартты. Қауымдастық төрайымы жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан қайырымдылық балынан түскен қаржыға биыл облыстық аурухананың көз
ауруларын емдейтін бөліміне заманауи құрылғы алып берілетіндігіне тоқталды. Бұдан әрі «Шаңырақ» қоғамдық қоры әлеуметтік-психологиялық  зерттеу орталығының директоры Берік Рақышев отбасын сақтап қалу, жас отбасыларға психологиялық көмек көрсету, тұрмыстық зорлықтан жапа шеккен аналар мен балаларға арналған орталық ашу туралы ұсыныс білдірді.    
«Ақмола облысы бойынша Азаматтық альянсы қауымдастығы»  заңды тұлғалар бірлестігі директорының орынбасары Елена Татаринцева, «Ақмола облысы бойынша кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылбек Кенжебаевтардың ұсыныс-пікірлері де елең еткізбей қоймады. Шара соңында үш жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар