Мемлекеттік органдардың жұмысы халық үшін ашық болуы керек

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин республикалық медиа-ресурстардың меншікті тілшілері және облыстық, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторларымен кездесті.

Кездесу алдында аймақ басшысы «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалына директор болып тағайындалған Әлібек Татановты  таныстырды.  
Журналистермен пікір алмасу барысында облыс әкімі мемлекеттік органның ашықтығы оның демократиялығының ажырамас бөлшегі екендігін екпін түсіре айта келіп, алдағы уақытта ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырды.
– Азаматтық қоғамның маңызды тетігі болып табылатындықтан, бұқаралық ақпарат құралдары ел Президентінің саясатын кеңінен насихаттап, мемлекеттік бағдарламалардың аймақтардағы орындалу барысы туралы ақпаратты халыққа дер кезінде
жеткізулері керек,– деді өңір басшысы өз сөзінде.
Сондай-ақ, ол өңірде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты ақпараттандыру деңгейін арттыру және мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету бағытында әкімдік тарапынан журналистерге жан-жақты қолдау көрсетілетінін ерекше атап өтті.
Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар