Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауырмайын десеңіз, аурудың алдын алыңыз - АРҚА АЖАРЫ

Ауырмайын десеңіз, аурудың алдын алыңыз

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында халқымыздың денсаулығына зор мән беріп «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу» керектігін атап көрсетті.

Адамның иммун тапшылық  вирусы – адам ағзасына ісікті жасуша түсе отырып, иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды. Осының  нәтижесінде оның қызметі қысымға тап болады да жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дами бастайды. Науқастың ағзасы инфекциялар мен ісіктерден қорғану мүмкіндігін  жоғалтып, қалыпты иммундық жүйесі бар адамға тән болмайтын түрлі  аурулар  пайда болады. Иммун тапшылық вирусы шамамен 3-6 апта ұзақтыққа созылатын инкубациялық кезеңге ие. Бұл уақыт өткесін 50-70 пайыз жағдайда мына белгілер байқалады: дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы, әлсіздік, ұйқышылдық, тәбеттің қашуы, лимфа түйіндінің ұлғаюы пайда болады.
Облыс бойынша эпидемиологиялық ахуалға тоқталсақ, жылдан жылға аймағымызда ЖИТС тіркеліп келеді. Жас жағына шаққанда  бұрындары 20-29 жас аралығында тіркелсе, қазіргі танда 40 жастан  асқандар арасында  басымырақ. Бұл ауру жыныстық қарым-қатынаста, ауру адамның қаны арқылы,  қан құю, ауруды жұқтырған адамның пайдаланған инелері   арқылы жұғады.  Осы дертті алдын алу  үшін ең алдымен, кездейсоқ жыныстық қатынасқа жақындасудан аулақ болу, залалсыздандырылмаған немесе бөгде адамның гигиеналық  құрал-жабдықтарын пайдаланбау қажет. Қан құйғанда немесе донор қанымен дайындалған препараттарды қабылдағанда олардың АИТВ-ға тексерілгеніне көз жеткізу  үшін қолданылған қанның сериялық нөмірін жазып алыңыз. Маникюр, педикюр жасайтын құралдардың  тазалығына көңіл аудару қажет.  ЖИТС вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті түрде дәрігерге  көріну керек.
 Шортанбай ТӨРЕБАЕВ,
облыстық ЖИТС пен күресу және оның алдын алу  орталығының дәрігері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар