Он сегіз кездесу өткізеді

«Балаларды бірге қорғайық» жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен  балаларға зорлық – зомбылық көрсетуге қарсылық және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында  «Не молчи» қоғамдық қорының мамандары  облысқа жұмыс сапарымен келді.

Облыстық білім басқармасының мәжіліс залында қала тұрғындарымен  кездесу болып өтті.  Маңызды тақырыпты қамтитын арнайы  фильм көрсетілді. «Не молчи» қоғамдық ұйымының  басшысы  Дина Смайылова  өз  баяндамасында:
– Жасөспірімдерге жасалынатын зорлық  –  бүкіл қоғам  үшін қатерлі.  Өкінішке орай, зорлық- зомбылыққа тап болған балалардың 90 пайызы  өзінің басына түскен жағдайды жасырады. Ал, бұл өз кезегінде қылмыскерлерді анықтауға  кесірін тигізеді, – деді ол.
Аталмыш қоғамдық бірлестіктің  белсенділері  Көкшетау, Щучинск,  Степногорск қалалары мен Астрахан  ауданында  барлығы 18 кездесу өткізеді деп жоспарлануда.   
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар