Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Болашаққа нық қадам - АРҚА АЖАРЫ

Болашаққа нық қадам

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауын қазақстандықтардың барлығы жылы қабылдады десек асыра айтпағанымыз. Елбасы міндеттерді ғана ұсынып отырған жоқ, сол көзделген мақсатқа жету жолын, тіпті, оны орындаушыларды да айқын, нақты көрсетіп отыр. Бұл Жолдаудың ерекшелігі – Қазақстанның жаңа заман белесіне аяқ басып, елеулі өзгерістерді жүзеге асыра отырып, әлі де ел экономикасын тұрақты дамыту жұмысын жандандыра түсу бағытында жаңа қарқынмен ілгері басатынын айқын көрсетті.

Жолдауда «IT білімді қалыптастыруға көп көңіл бөлу қажет, қаржылық сауаттылық пен жастарды патриотизмге тәрбиелеу. Ауылдық және қалалық мектептерде  білім беру ретінде алшақтықты азайту қажет…» делінген. Бұл бағытта облыстық білім мекемелеріне нақты міндеттер қойылып, оларды білім қызметкерлері жүзеге асыруда.
Айқындалған жолмен алға жылжысақ, болашағымыз үшін алаңдамауға болады    деуге әбден негіз бар. Себебі, қазіргі таңда жастар жан-жақты дамыған, бірнеше тілді білетін, заманауи технологияларды меңгерген білімді маман ретінде қалыптасуы үшін біздің мемлекетімізде барлық жағдайлар жасалынған. Мәселен, инновациялық білім беру заман талабы. Осыған байланыс-ты  BilimLand әмбебап білім платформасына облыстың 401 мектебі қосылған. Бұл әлемдік көшбасшылардың электрондық оқыту құралы болып саналады. Айта кету керек, BilimLand ресурсын пайдалана отырып, үш тілде 40 000-нан астам сандық білім сабақтарына қол жеткізуге, сондай-ақ, 1 000 000-нан астам мультимедиялық жабдықтарды үйде және сыныпта қолдануға болады. 2016-2019 жылдары облыста сандық білім беру инфрақұрылымын  құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
 Осы мақсатта республикалық бюджеттен 2016 жылы облыстағы 183 шағын жинақты мектептерге трансферттер сатып алу үшін, атап айтсақ, 2 мультимедиялық жабдықты (экран, проектор, компьютер) жиынтыққа  181 миллион теңге қаражат жұмсалды. Ал, 2017 жылы республикалық бюджеттен осы мақсаттар үшін 759 миллион теңге көлемінде трансферттер түсті. Осы жылы барлығы 1007 жиынтық жабдықтар алу жоспарлануда. 2016 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, «Күнделік» электрондық жүйесіне облыстың  482 мектебі қосылған. Сондай-ақ,  мектептердің әр кабинеттерінде ғаламтор жүйесі бар. Қазіргі таңда «Сандық Қазақстан» бағдарламасына қосылу алдағы жоспарлардың бірі.  Алдағы жазғы демалыс кезінде  осы міндеттерді жүзеге асыру басты талап болмақ.
Облысымызда STEM білім беру бағдарламасы белсенді түрде қолға алынды.  Ғылыми жаңартуларды, математикалық модельдеуді, жаңа технологиялардың дамуына бағытталған, жаңа білім беру саясатын енгізу аясында оқыту бағдарламаларына STEM элементтерін қосу жоспарлануда. Робототехника саласының дамуына облысымызда ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар, 2016-2017 оқу жылында облыста робототехника элементтерімен 28 жалпы білім беру мектептері,  3 мектептен тыс ұйым, 8 колледж қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, облыс орталығында «RobotX»  робототехника клубы жұмыс істейді. Үйірмеге 150-ден астам оқушы қатысады. Облыста оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» курсының мазмұны 4-сыныпта дүниетану, 5-11 сыныптарда технология оқу пәндерімен ұштастырылып оқытылады. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау, оқушыларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, олардың азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында жылына 2 рет «Жас Ұлан» қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өткізіледі. Қазіргі таңда «Жас Ұлан», «Жас қыран» клубтарына барлығы 16547 оқушы қабылданған. Ақмола облысы білім беру ұйымдарында 138 әскери-патриоттық клубтар жұмыс істейді. Әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушілерінің арасында жыл сайын «Намыс» облыстық спартакиадасы, «Жас Ұлан» облыстық әскери-патриоттық ойыны, «Нұр Отан» партиясы мен Ақмола облысы қорғаныс департаментімен бірлесіп облыстық әскери-патриоттық әндердің байқауы, облыстық алғашқы әскери дайындық пән олимпиадасы өткізіледі. Облыс орталығындағы жоғары колледжінің базасында директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының қатысуымен облыстық семинар болып өтті.
Президент Жолдауда атап өткен тағы бір маңызды мәселе  үштілде білім беруге кезең-кезеңмен көшудің маңыздылығы.     Осы орайда, білім беру мекемелерінде қазақ тілінің дамуына баса назар аударылатын болады, ол өзінің басым позициясын сақтап қалады. Ағымдағы жылы облыс әкімі бірінші рет  қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерін мадақтау үшін облыстық бюджеттен 60 миллион теңге бөліп отыр. Осы мақсатта  іс-шаралар әзірленді, олардың өткізілуі  үш кезеңнен тұрады: мектепішілік, аудандық, облыстық. Аталмыш іс-шараға көптеген оқушылар мен мұғалімдер тартылуы қажет. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында жыл сайын облыстық «Абай оқулары», «Махамбет оқулары», «Жарқын болашақ» олимпиадасы, «Яссауитану», «Зерде» ғылыми жобалар байқауы,  жалпы білім беру пәндері бойынша  олимпиада, 9-11 сыныптарға арналған ғылыми жобалар байқауында оқушылар өздерінің жобаларын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қорғай алады.
Көптілділікті енгізу аясында 2018 жылдан бастап 6-сынып оқушылары «Қазақстан тарихы» пәні оқыту тіліне қарамастан қазақша, ал,  «Дүние жүзі тарихы» оқыту тіліне қарамастан орысша оқытылатын болады. 2019 жылдан бас-тап 10-11 сыныптар информатика, физика, химия және биология пәндерін ағылшын тілінде оқиды. Бүгінгі күні облыста үш тілде білім беруді 2 оқу орны жалғастырып келеді. Атап айтсақ, дарынды балаларға арналған №1 облыстық мамандандырылған «Қазақ-түрік лицейі» мектеп-интернаты» мен М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы. Ұлт Көшбасшысы атап өткеніндей, ағылшын тілі жаңа технологиялар, жаңа өндіріс, жаңа экономиканың тілі болып табылады.
Қазіргі уақытта әлемде ақпараттың  90 пайызы ағылшын тілінде құрылады. Әрбір екі жылда оның көлемі екі есеге ұлғаяды. Үштілді білім беруді дамытудың жол картасын іске асыру аясында тапсырмаларды іске асыру  мақсатында облыста «Үштілді білім беруді дамытудың  жол картасы» пилоттық жоба туралы» облыстық білім басқармасының 2016 жылғы 1 қыркүйектегі №223 бұйрығына сәйкес, үштілді білім берудің элементтері енгізілетін 27 пилоттық мектеп анықталды.
2016 жылы пилоттық мектептердің 96 мұғалімі (22 химия пәні мұғалімі, 28 биология пәні мұғалімі, 26 информатика пәні мұғалімі, 20 физика пәні мұғалімі) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді  ағылшын тілінде оқыту бойынша қайта даярлау курсынан өтті. Ағымдағы жылдың 27 наурызынан бастап 36  пән мұғалімі ұзақ уақыт оқытылатын терең тілдік курсын оқып жатыр. Елбасының тапсырмасына сәйкес,
биылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында тегін техникалық және кәсіптік білім берудің жаңа тетігі енгізіледі.
Үстіміздегі жылы облыс колледждерінің күндізгі бөлімдеріне бюджет аясында 5724 оқушы оқуға қабылданады деп күтілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда  20 пайызға көп. Сондай-ақ, аталмыш бағдарлама аясында 909 адам қысқа мерзімді кәсіби даярлаудан өтеді.    
Тарихи Жолдаумен жігерленген облыстағы білім саласының қызметкерлері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатын қолдай отырып,  еселі еңбек етіп, еліміздің гүлденуіне өз үлестерін қосуға қашанда  әзір.

Балым ІЗБАСАРОВА,
  облыстық білім басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар