Мектеп түлектерімен кездесті

«Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалының  қызметкерлері  облыс орталығында орналасқан көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжінде мектеп түлектеріне  мамандық таңдауда  жаза баспау  қажеттігі жөнінде  жиын  өткізді.

 

«Алтын ел» бастауыш партия ұйымы төрағасының  орынбасары  Әйгерім Мәшенова ендігі таңда техникалық мамандықтарға  деген сұраныс артатындығын және Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  атты биылғы   халыққа жолдаған Жолдауында да осы мәселе айтылғандығын тілге тиек етті.
Үстіміздегі жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы  іске асырылады. Себебі,  өнеркәсіп орындарының барлығына  техникалық бағытта оқыған мамандар керек. Шара барысында  мектеп бітіруші түлектер облыс орталығындағы бірқатар оқу орындары мен кәсіби орта білім беретін мекеме жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.  Сондай-ақ, оқушыларға  көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжі даярлайтын мамандықтар,  білім ошағының мәдени-спорттық үйірмелері туралы анықтамалық кітапшалар   табыс етілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар