Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Домбырашы Юра - АРҚА АЖАРЫ

Домбырашы Юра

тіл байқауында да  биіктен көрінді

Тіліміз – бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы. Қанша тіл білсең өзгеден сонша биіксің. Соңғы жылдары елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін үйренуге деген қызығушылық артып отырғаны басты жетістігіміз. Бұл – нағыз патриоттардың   мемлекеттік тілге деген құрметі. Олар тек қазақ тілін ғана емес, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын да құрметтейді. Осындай жеткіншектеріміздің бірі – Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының 7 «А» сынып оқушысы Юра Кочетыгов.         
Таяуда ол Астана қаласында өткізілген республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Ұлттық тестілеу орталығының КАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» XІ республикалық қашықтық олимпиадасының жүлдегері атанып, II дәрежелі дипломмен марапатталды. Аталмыш білім байқауы екі кезеңде өткізілген болатын. On-line режимінде өткен I кезеңдегі 2561 оқушының ең жоғары ұпай жинаған 167 оқушының қатарына енген Юра  Астана қаласына олимпиаданың қорытынды кезеңіне шақырылды. Екі күнге созылған олимпиада да Ұлттық тестілеу орталығының қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі  «ҚАЗТЕСТ» негізінде әзірленген тестер бойынша аудару, грамматика, лексика мен оқу тапсырмаларын орындады. Бір атап өтерлігі ол байқауда берілген барлық тапсырмаларды жақсы орындап, барлық сыннан дерлік мүдірмей өтті. Әсіресе, олимипиаданың салтанатты жабылу рәсімінде Юра қолына қазақтың қара домбырасын ала шығып,  Құрманғазының «Ақсақ киік»  күйін орындап,  қазылар алқасы мен қатысушыларды өз өнеріне тәнті етті. Ол тек  қазақ тілін меңгеріп қана қоймай, домбырада да шебер ойнайтынын айта кету керек.
Астана қаласынан келе салысымен, дарынды оқушымыз облыс орталығындағы Біржан сал атындағы музыкалық колледжінде өткізілген Манарбек Бексейітов атындағы I облыстық байқауына қатысып «Қазақтың ұлттық  аспаптары» номинациясының III дәрежелі дипломымен марапатталды. Болашағы нұрлы жас жеткіншектің қадамына гүл біткей!            
Бақытжан БІЛӘЛОВА,
М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының   қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Суретте: байқаудың жүлдегері  
Юра  Кочетыгов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар