Елімізде қанша діни бірлестіктер бар?

2011 жылдың 25 қазанында елімізде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң күшіне енді. Осы заңның негізгі ережелерін жүзеге асыру дін мәселелерін құқықтық реттеуге мүмкіндік берді.

Өйткені, тоқсаныншы жылдарда қабылданған заңда көп жайлар ескерілмей, соның нәтижесінде жат ағымдар көптеп еніп кеткен еді. Осы орайда, жаңа заңға сай діни бірлестіктерді қайта тіркеуден өткізу дер кезінде атқарылған шара болды. Осыған орай, діни бірлестіктер мен оларды ұстанушылардың діни сенімдері туралы жаңа мәліметтер алынды. Егер жаңа заң қабылданғанға дейін елімізде 4551 діни бірлестік болса, қазір олардың саны 3434 болып отыр.
Отандық сарапшылардың зерттеулерінің негізінде діни бірлестіктердің жаңа жіктемесі ұсынылып, конфессиялар мен деноминациялардың саны 46-дан 18-ге дейін қысқарды. Мемлекеттік органдардың осындай ауқымды жұмыстарының нәтижесінде еліміздегі діни ахуал біршама тұрақтана түсті. Бүгінгі күні саны жағынан ең көп бірлестіктер елдегі барлық дінге сенушілердің үштен екісін құрайтын ислам дінін ұстанушылар болып табылады. Олардың саны – 2382 және діни ғимараттарының саны жағынан да басым болып табылады. Еліміздің аумағында қазіргі күні   2381 мешіт бар. Екінші орында орыс православие шіркеуі тұр. Олар 289 діни бірлестікті құрайды. Қазақстандағы тағы бір ірі қауымдастық Рим Католик шіркеуі. Олардың қатарында 84 діни бірлестік бар. Сонымен бірге, елімізде  500-дей протестанттық бағыттағы діни бірлестіктер қызмет етеді және 7 иудей,
2 буддизм бағытын ұстанатын бірлестік бар.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар