Алдан шыққан сауалдар…

Облыс орталығының іргесінде  орналасқан  Станционный кентінде шешімін таппай отырған  әлеуметтік мәселелер аз болмай шықты.
Мұның бәрі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бо-йынша департаментінің ұйымдастыруымен жемқорлыққа қарсы мобильді-ақпараттық  топ  өкілдері  осы елді мекенде болғанда анықталды.
Мәселен,  ауыл тұрғыны Людмила  Махиняның  айтуынша, өзі тұрып жатқан үйдің сыртқы көрінісі көңіл көншітпейді. Олай дейтініміз,    Юбилейная көшесінде  орналасқан үш үй қоқыстарын лақтыратын  арнайы орынға  жергілікті азаматтар  көшедегі қардың барлығын үйіп тастаған. Ал,  қазір  күн жылып жатқан уақытта  ол жер суға толып,  жүріп-тұруға  қиындық туғызуда. Сонымен қатар,  қазір ауыл тұрғындары көшеде емін-еркін жүруге қорқады екен. Себебі,  қаңғыбас иттер көбейген.  Осы мәселелер бойынша жергілікті әкімдікке  Людмила  Владимировна  сан мәрте шағымданғанымен, нақтылы көмек болған емес.
– Адам баласына  ажал  сияқты,  ауру да айтып  келмейді.  Осы ауыл тұрғандарының дені түн жарымда ауырып қалмайын деп тілейді, –  деп бастады өз сөзін Таңзеля Есенбаева.  
Сөйтсек, ауылда  дәрі-дәрмек сататын  дәріхана жоқ көрінеді.   Бұдан бөлек, қоғамдық  тәртіпті қадағалайтын полиция бөлімшесі де жоқ дейді тұрғындар.   Сонымен қатар, жастар үшін ауылда мәдениет үйі, түрлі үйірмелер ашылса, тілек білдірушілер көптеп келер еді деген де ниеттерін білдірді.   
Бұдан әрі мобильді-ақпараттық топ өкілдері қала іргесіндегі  Краснояр кентіне беттеді. Департаменттің басқарма басшысы Мәлік Ахметқалиевтың айтуынша,  жыл басынан бері мұнда осындай 8 кездесу өтіп, оған 17 еңбек ұжымы қатысқан. Бұл жолы да мобильді- ақпараттық топ мүшелері халыққа қызмет көрсету орталығында,  жергілікті полиция бөлімшесінде  болып, тұрғындармен әңгімелесіп, жемқорлыққа қарсы   бюллетеньдер  таратты.

Назгүл Рабилова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар