Арзан бағамен

Аудан әкімі Қуандық Испергенов Макинск қаласының орталық алаңында өткен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін аралап көріп, оның ұйымдастырылу деңгейіне назар аударды.

Жәрмеңкеде ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары, ауыл округтарының тұрғындары мен аудан орталығындағы кәсіпорындар өздері өндірген өнімдерді саудалады.
Сауда шатырларында негізінен арзан бағамен ет пен сүт өнімдері, көкөніс пен мал азығы сатылды. Мұнда «Бұланды Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірген ұнға сұраныс көп болғанын атап өткен жөн.
Аудан орталығында жиі өткізілетін жәрмеңкелер азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға және тұрғындардың әлеуметтік жағдайын қолдауға бағытталуда.
Айгүл АМАНЖОЛОВА.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар