Қызметі тегін

Ақкөл қаласында «Көмек беру-Благодать» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында мүгедек балалары бар ата-аналар өз сауалдарына жауап алатын, әрі тегін кеңес беретін, онлайн режимімен жұмыс істейтін қолдау қызметінің бар екендігін естіп білді. Бұндай кеңесті ата-аналар Қазақстан-Ресей бірлескен медициналық университетінің мамандарынан алады.
Олар өздерін толғандыратын сауалдары бойынша 1411 қысқа нөміріне телефон шалып, жауап алуларына мүмкіндіктері бар. Телефон соғу тегін. Отбасындағы дұрыс психологиялық ахуалды сақтау, жақсы қарым-қатынасты қалыптастыру сияқты маңызды мәселелер бойынша тегін кеңес беретін мамандарға тәуліктің кез-келген сәтінде хабарласуға болады.  Дөңгелек үстелге қатысқан ата-аналарға ақпараттық буклеттер таратылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар