Танкіге қарсы минаға дейін…

 

Биылғы жылдың 10 сәуірінен бас-тап облысымызда тұрғындардан атылатын қарулар мен оқ-дәрі және жарылғыш заттарды қабылдау акция-сы жүріп жатыр.

 

Халықтың қауіпсіздігін сақтау және қылмыстың алдын алу мақсатында қолға алынған акцияға орай, адамдардан атылатын қарулар қабылдануы өз алдына, ол үшін тіпті, белгіленген мөлшерде өтемақы төленуде.
Таяуда Көкшетау қаласының  42 жастағы бір тұрғыны ішкі істер бөліміне танкіге қарсы қолданылатын ТМ-57 және жаяу әскерге қарсы пайдаланылатын ОЗМ-72 минасын әкеп тапсырды. Өзінің айтуынша, дайындау орындарына өткізуге темір-терсек іздеп жүріп, ол миналарды  қала маңынан тауып алыпты. Нансаңыз да, нанбасаңыз да солай. Қазір миналар сараптамаға жіберілді. Егер оның жарылғыштығы мен залалсыздандыруға жататыны анықталса, осы үшін оны тапсырған қала тұрғыны қомақты сыйақыға ие болмақшы.  
Жалпы, акция басталғаннан бергі  қысқа мерзім ішінде тұрғындар тиісті орындарға  88 стволды және 8 шолақ мылтық пен 11599 патрон тапсырыпты. Осы үшін қару тапсырғандарға 5 миллион теңге көлемінде өтемақы берілген. Ал, тұтастай алғанда, ішкі істер департаменті биылғы жылғы акция аясында азаматтардан қабылданған атылатын қарулар мен оқ-дәрі үшін 14 миллион
466 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуді қарастырып отыр.
Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар