Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баукеңе бұйырмаған Ленин ордені - АРҚА АЖАРЫ

Баукеңе бұйырмаған Ленин ордені

Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшымыз  Бауыржан Момышұлы ең алғаш наградаға 1942 жылдың сәуірінде ұсынылған екен, алайда, ол белгісіз себептермен ескерілмей қалған.

 

1942 жылдың 10 сәуірінде толтырылған аттестаттау парағында жазылған деректерге сүйенетін болсақ, онда батыр алғаш рет наградаға ұсынылғандығы жазылған. Аттестациялау қағазында: «Капитан Момышұлы Бауыржан – қабілетті, қайратты, қайсар, өзіне және өзінің қарамағындағыларға талап қоя білетін командир. Неміс басқыншыларына қарсы ұрыстарда жеке басының батырлығын және жанқиярлық қаһармандығын көрсетті. Шайқастарда көрсеткен ерлігі үшін дивизия басшылығы жолдас Момышұлын жоғарғы үкіметтік наградаға – Ленин орденіне ұсынады. Жоғарғы ұйымдастырушылық қабілетті меңгерген және полк бөлімшелерінің ұрыс қимылдарын ептілікпен басқарады. Полк командирінің орынбасары лауазымына сай және кезекті «майор» әскери атағын беруге лайықты» делінген.
Өкінішке орай, аталған награда  Халық Қаһарманы, көрнекті қолбасшы, батыр Бауыржан Момышұлының қолына тиген жоқ. Ресми түрде ұсынылған награда жазба күйінде қалып, іс жүзінде орындалмаған. Себебі, белгісіз. Ал, батырға Калинин майданы басшылығының 1942 жылғы 6 маусымдағы
№0196 бұйрығы бойынша берілген ең алғашқы награда «Қызыл Жұлдыз» ордені.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар