Тақырыптың жалғасы: жаңа кино

Жалғанда ауру азабын тартқаннан гөрі, жан азабын тартқан қиын шығар. Тағдыр тәлкегіне түсіп, жалғызбасты ана атанған жас келіншектердің жан жарасы бәлкім, жылдар өте жазылар. Кім білсін!..

Облыс орталығындағы «Ана үйінің» үйлестірушісі Көгершін Зәлелқызының айтуынша,  жас келіншектердің сан қилы тағдыры баяндалатын «Анашым, мені қалдырма…» атты жаңа фильм жарыққа шығады. Көпшілікке «Қазақстан» ұлттық арнасынан 22 сәуірде сағат 15.10-да көрсетілетін бұл фильмдегі басты рөлдерді кәсіби әртістер сомдағанымен, сюжет өмірдің өзінен алынған. Қыз жүрегі жыламасын, нәзікжанды аруларымыз тағдыр сынына қалмасын десеңіз, ежелгі қазақ дәстүрімен қызғалдақ қыздарды жастайынан аялай білейік.
Жақсылық пен жамандық, мейірім мен зұлымдылық, қайырымдылық пен өшпенділік сияқты бір-біріне қарама-қайшы өмір заңдылықтары  көрініс тапқан жан тебірентер жаңа киноны тамашалаңыздар, ағайын.
             
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар