Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алға бастар құндылық - АРҚА АЖАРЫ

Алға бастар құндылық

Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын ұжым болып оқып, талдап, ой елегінен өткіздік.

Елбасы айқын бағыттардың бірі – әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену мәселесін көтере отырып, өзінің толғамға толы, тың көзқарастарға негізделген мақаласында қайта түлеудің екі маңызды үрдісін – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды атап өткен. Әрі осы межелі мақсатқа жету жолындағы негізгі міндеттер мен басты бағыттарды белгілеп көрсеткен.  Осы орайда, өз басым педагог ретінде егемендік алған тұстан бері білім саласында болып жатқан оң өзгерістер мен тың идея-ларды қолдайтынымды айтсам деймін. Мақалада 4 бағыттың «Білімнің салтанат құруы» деп аталуы, оның «білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», – деп тұжырымдалуы біздерге, мұғалімдерге, жаңа қуатты серпін береді. Мақаланың ІІ тарауындағы «Таяу жылдардағы міндеттер» тақырыбында көрсетілген нақты жобаларды жүзеге асыру міндеттерінің аясында ұсынылған «Туған жер» бағдарламасының, «Туған жерге туыңды тік» деп қазақ бекер айтпаған деген тамаша мақалмен басталған ұсыныстардың әрбір сөйлемін оқыған са-йын рухани қуат аласың.
Тәуелсіздік жылдары басқа салалармен бірге осы білім және ғылым саласында қыруар жұмыстар атқарылып келеді. Жасырары жоқ, мемлекет білім саласына қомақты қаражат   бөлуде.  Осыдан-ақ, елімізде бұл салаға барынша көңіл бөлініп жатқандығын аңғаруға болады. Білімді жастарға қолдау  көрсетілуде. Шет елде білім аламын деген жастарға да жағдай қарастырылған. Басымдық берілетін межелердің қатарында білім осылай әрдайым бірінші орында болуы шарт.  
Қазақстан Республикасының білім жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары: өскелең ұрпақты шығармашылық тұрғыда дамытып, әлемдік мәдениеттілікке талпындыру, олардың білім, ғылым жолында тұлғалық қасиеттерін дамыту болып табылады. Сондықтан, бүгінгі ұстаздарға оқушыларға заман талабына сай білім беру үшін көп іздену қажет. Осы міндеттерді іске асыру үшін, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін арттыруда жүйелі жұмыстарды атқаруда.
Үстіміздегі жылдың І тоқсанында жаңартылған орта білім мазмұнына сәйкес 266 мұғалім курстарда оқыды.  «Жалпы адами құндылықтар» бағдарламасы бойынша  «Өзін-өзі» тану курстарынан 50 тыңдаушы дәріс алды.  Қысқа мерзімдік курстарда 25 ұстаз білімдерін шыңдап, білім саласында болып жатқан тың жаңалықтардың куәсі болды. Сонымен қатар, білім саласына үштілділікті енгізу бағдарламасына сай 2 топ  төрт айлық  біліктілікті арттыру курсынан өтуде.  ХХІ ғасырда ұлттық құндылықтар мәселесін гуманитарлық ғылымдар саласында қолға алу басты трендке айналып отыр. Экономика, саясат, мәдениет, технология салаларын тұтас дамыту реформалары салтанат құрған өркениет дәуірінде жаһандану нәтижесінде ұлттық бірегейлік пен этностық бірізділіктің жойылып, жұтылып кету қаупінің алдын алу үрдісі үзбей жүргізілуі тиіс. Сонда ғана ұлттың әдеби, мәдени, тарихи үлгілері барынша әлемдік деңгейде насихатталып, көрсетілетін болады.
  Еркін ИСІМБАЕВ,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру
Ұлттық орталығы»  филиалының Ақмола облысы бойынша
педагог қызметкерлердің біліктілігін
 арттыру институтының директоры,
Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар