1131 пәтер берілді

Биылғы жылдың қаңтар-наурызында барлық қаржыландыру көздері есебінен облыс аумағында жалпы алаңы 124,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бұл көрсеткіш 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 113,1 па-йызды құрады. Жекеменшік құрылысы есебінен 79,9 мың шаршы метр тұрғын үй салынған. Есептік мезгілде тұрғын үй құрылысына 6332,4 миллион теңге инвес-тиция тартылды. Бұл өткен жылғы үш ай көрсеткішінің деңгейінен 3,7 пайыз жоғары. Тұрғын үй құрылысы инвестицияларының негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 21,7 пайызды құрады. 2016 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үйлер Жақсы (5,1 есе), Зеренді (2,4 есе), Ақкөл (54,1 пайызға) аудандарында және Степногорск қаласында (9 есе) өскен. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің негізгі үлесі Көкшетау қаласына (50,4 мың шаршы метр) және Целиноград ауданына (44,5 мың шаршы метр) тиесілі. 1131 пәтер пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 103,7 пайызды құрады.

Ақмола облысы бойынша  
статистика департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар