Спорт саңлақтарына құрмет көрсетілді

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин жыл басынан бері  әлемдік байрақты бәсекелерде еліміздің намысын қорғап, топ жарған бірқатар ақмолалық спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын қабылдап, спорт саласында қол жеткізген  жоғары жетістіктері үшін арнайы сыйақыларды табыс етті. 

Салтанатты шара барысында жиналған қауым  еліміздің атын шығарып жүрген спорт саңлақтары туралы бейне түсірілімді тамашалады.
Алматы қаласында өткен Дүниежүзілік 28-ші қысқы универсиада да  Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте жүлделі екінші орыннан көрінді. Қазақстанның қоржынына алғашқы алтыннан олжа салған жерлесіміз, биатлоншы Алина Райкова болса, аралас спринтте жерлесіміз Олжас Климиннің жолы болды. Жыл басынан бері елімізде екі бірдей үлкен спорт жарысы өткізілді. Аталмыш додаға облысымыздың 17 спортшысы қатысып, олардың 7-еуі жеңіс тұғырына көтерілді. Ал, Жапонияның Саппоро қаласында ұйымдастырылған Азия ойындарында жерлестеріміз жақсы ойын өрнегін таныта білді.
Облыстық әкімдікте болып өткен салтанатты шара барысында биатлоншы Алина Райкова, шаңғышылар Олжас Климин, Ольга Мандрика, Роман Еремин, Николай Чеботько, Анна Кистановалар мен олардың жаттықтырушылары атап айтсақ, Сергей Райков, Татьяна Сергеева, Сәуле Мухина, Иван Спиридониди, Виктор Васильев, Геннадий Макаров, Николай Александровтар облыс әкімінің арнайы сыйақысына ие болды.
Өңір басшысы спорт саңлақтарына алдағы додаларда да топ жарып, ел намысын қолдан жібермей, тек қана жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектестік білдірді.
– Қазіргі таңда ел-елді аралап, облыстың тыныс-тіршілігімен танысып жүрмін. Сондағы байқағаным, облыстағы
11 аудан орталығында спорттық сауықтыру орталықтары жоқ. Біз алдағы уақытта осындай келеңсіздіктерді жойып, облысымызда бұқаралық спорттың дамуына барынша жағдай жасайтын боламыз, – деді облыс басшысы.
Кездесу соңында жерлес спортшылар  облыс әкімімен естелік суретке түсті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар