Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа жүйенің тиімділігі мол - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа жүйенің тиімділігі мол

Елімізде енгізгелі отырған міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыру жүйесі туралы осыны айтуға  болады.

Брифингке облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б.Иманқұлова, медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің облыстық департаментінің басшысы Ф.Қопабаев, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры А.Әбдуәлиева және облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары А.Хасеновалар  жаңа жүйені енгізуге қатысты сұрақтарға жауап беріп, оның кәсіпорындар мен олардың қызметкерлеріне қандай жаңалықтар алып келетінін талқылады.  Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры А.Әбдуәлиева өз баяндамасында жаңа жүйенің жағымды тұстарын егжей-тегжейлі баяндап берді.  Жедел медициналық көмек, санитарлық авиация, қоршаған ортаға қауіп төндіретін әлеуметтік маңызды инфекциялық ауруларға қарсы екпе жасау аурулардың  алдын алу шаралары міне, кепілдендірілген көлем дегеніміз осы. Одан бөлек, мемлекетке 2020 жылға дейін халықты амбулаторлық-дәрілік заттармен қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Яғни, мемлекет те МӘМС қатысушысы. Ол шамасы келмейтіндер үшін жарна төлейді. Олар балалар, жүкті әйелдер, мүгедектер, зейнеткерлер – барлығы 12 санат, – деп атап көрсетті ол өз баяндамасында. –  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы Қазақстан аумағында өзіңіз таңдаған кез келген емханадағы медициналық көмекті ала аласыз. Бұл жағдайда емхананың шығыстарын әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры толығымен өтейді. Сондай-ақ, тегін медициналық кепілдендірілген көмек және әлеуметтік медициналық сақ-тандыру пакеттері шеңберінде қарастырылған медициналық көмекке жұмсалатын қосымша төлемдердің барлық түрінен босатыласыз.   Бұл реформаның басты нәтижесі – экономикадан қосымша қаражатты тарту есебінен денсаулық сақтау жүйесі нысандары желісін және медициналық көмектің халыққа қолжетімділігін сақтау болып табылады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б.Иманқұлованың айтуынша, экстракорпоральды ұрықтандыру немесе адам ағзасын трансплатациялау  сияқты қомақты қаражатты қажет ететін медициналық көмекті кез-келген адамның қалтасы көтере бермейтіні бар. Осындайда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің берері мол.  
Журналистер тарапынан қойылған сан сұрақтарға денсаулық сақтау саласының мамандары тұшымды жауаптар беріп, көптің көңілінде жүрген көп ойлар ортаға салынды.
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар