Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Акция жалғасын табуда - АРҚА АЖАРЫ

Акция жалғасын табуда

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы «Баршамызға ортақ қайғы» атты акция аясында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында партия ғимаратына әкеліп тапсырылған азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттардың бір легін Атбасар ауданына жөнелтті.

 

Партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Азамат Біржановтың айтуынша, Көкшетау қаласындағы бірқатар ірі кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, сонымен қатар, аталмыш төтенше жағдайға бей-жай қарамайтын қарапайым қала тұрғындары қолдарынан келген көмектерін аямай, тәулік бойы партия ғимаратына қиын жағдайда бірінші кезекте қажет болатын керек-жарақ заттарды әкеліп тапсырып жатыр екен. Кеше жөнелтілген қайырымдылық көмек көрсету шарасының басы қасында партияның облыстық, қалалық филиалдары мен «Жас
Отан» жастар қанатының өкілдері жүрді.
Бұл жолғы акцияға «Камаз Инжиниринг», «Теміржол су», «Голд-сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Алтын ел» бастауыш партия ұйымы, «Қазгеодезия» солтүстік геодезия филиалы, «Автопремиум» ТҚС, «Жібек жолы» сауда орталығы әкімшілігінің басшылары мен өкілдері демеушілік жасады.  Қайырымдылық акциясы әлі де жалғасуда. Тасқын судың салдарынан қиын жағдайға тап болған жерлестерге қол ұшын беремін деушілер партияның облыстық филиа-лына азық-түлік, киім-кешек сияқты тұрмысқа қажетті заттарды апарып тапсыруларына болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар