Ерейментаулықтардың көмегі

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін ұйымдастырған «Баршамызға ортақ қайғы» атты акцияны партияның Ерейментау аудандық филиалы бірден қолдады.

Аудандық филиалда су тасқынынан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көмек көрсету үшін қоғамдық штаб құрылып, тұрғындардан киім-кешек пен азық-түлік тағамдары қабылданды. Қаладағы «Тілек», «Әлиев», «Канарев», «Қалиев» тәрізді өзге де жеке кәсіпорындар мен тұрғындар қайырымдылық көмек көрсеткенін атап өткен жөн. Аудан негізінен мал шаруашылығымен айналысады.
Осы орайда, Еркіншілік, Торғай, Сілеті, Ақсуат, Олжабай, Тайбай және өзге де ауылдық округтерінің ауыл шаруашылығы құрылымдары ірі қаралар мен қойлар әкелді. Аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ермек Нұғыманов өз сөзінде   ауданның екі ірі қара мал, сексенге жуық қой, азық-түлік тағамдары мен киім-кешек тиеген екі жүк автокөлігі Атбасар қаласына келіп, су тасқынынан зардап шеккен адамдарға табыс еткенін атап өтті. Сөйтіп, ерейментаулықтар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, су тасқынынан зардап шеккен адамдардың қайғысымен ортақтасты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар