Азық-түлік жіберілді

«Жемқорлыққа қарсы медиа орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен және облыстық әкімдіктің қолдауымен Атбасар, Сандықтау аудандарында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек жіберілді.

 

Аталған қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Руслан Асылбековтің мәлімдеуінше, «Көкшетау-Транс-Газ» бен «Жасыл Ел-Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің демеушілігімен 500 мың теңгеден астам сомаға азық-түлік алыныпты.
Аталған бірлестік бұл игілікті істі ең алғаш 2010 жылы Алматы облысының Қызылағаш ауылында болған су тасқыны оқиғасын да қолға алыпты.  Олар табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарға барып, сол жердің кәсіпкерлерін қайырымдылық істерге тарту арқылы да өздерінің оң ниеттерін жүзеге асыратын көрінеді. Осы жолы да Атбасар мен Сандықтау аудандарында орын алған апат салдарынан жапа шеккен халыққа 16 қап ұн, 4 қап қант, 6 қап күріш, 50 литр күнбағыс майын, 600 келі картоп, тағы басқа да азық-түлік өнімдерін жөнелтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар