Дәрігерлер де шет қалмады

Ақмола облысының медицина қызметкерлері  үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, су тасқынынан зардап шеккен Атбасар мен Сандықтау аудандарының тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетті.

Гуманитарлық көмек ретінде облыс орталығынан аудандарға барлығы 4,5 тонна азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар жіберілді.
 – Судан зардап шеккендердің арасында біздің әріптестеріміздің де отбасылары бар. Мәселен, Атбасар ауданында 37, ал, Сандықтау ауданында 7  медициналық қызметкердің отбасы айтып келмес тілсіз жаудың зардабын тартқан. Ел болып жұмылып жатқанда, біз де осындай игі іске өз үлесімізді қосуды өзіміздің азаматтық парызымыз санаймыз, – дейді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Серік Ақшалов. Атап өту керек, Сандықтау ауданында тұрғындарға арналған медициналық-консультативтік көмек көрсету мақсатында арнайы дәрігер мамандардан жасақталған штаб жұмыс істейді. Бұл жерде кардиолог, невропатолог, хирург, травматолог, педиатр дәрігерлері тұрғындарды қабылдап, медициналық көмек көрсетсе, үкіметтік ұйымдар да өз тараптарынан қолдан келген бар көмекті аямауда. Олардың қатарында Ақмола облыстық іскер әйелдер қауымдастығы, «Ашық жүрек – Открытое сердце» қайырымдылық қоры мен «Шаңырақ» және «Мирон» қоғамдық қорлары бар.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар