Тасқын зардабы жойылуда

Целинорад ауданы әкімдігінің мәліметі бойынша, бұдан бір апта бұрын Семеновка селосында су тасқыны жағдайы қалыптасқан еді.

Алғашқы күннен бастап әкімдіктің, төтенше жағдай мекемесінің және қоғамның күшімен су тасқынының зардабын жою және шығынды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бірінші кезекте село маңындағы су өткізетін құбыр жабылды.
Кентішілік және Семеновка-Қосшоқы жолдарының тұсында су ағызатын арықтар қазылды. Осының арқасында село көшелеріндегі су деңгейі төмендеді. Үш өрт сөндіргіш машинасы көшелердегі 10945 текше метр суды сорды. Он бес тұрғын үйді су алды. Бір тұрғын үйдің қабырғасы бұзылған. Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға азық-түлік тағамдары, киім-кешек, дәрі-дәрмек түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл көмекті аудан әкімдігінің жастар ресурстық орталығы, Астана қаласы мен ауданның еріктілер клубтары, облыстық іскер әйелдер қауымдастығы, ауданның кәсіпкерлері мен тұрғындары жинады. Жедел жәрдем бригадасы тәулік бойы медициналық және психологиялық көмек көрсетті.
Су тасқынына қарсы шараларды өткізуге аудан бюджетінен 68 миллион теңге бөлініп, оның 48 миллион теңгесі жұмсалды. Су тасқынынан кейін шығын есептеліп, қалпына келтіру шаралары жүргізіледі.
Аудан аумағындағы алдағы су тасқынының алдын алу мақсатында Есіл өзені арнасын кеңейтіп, АЛВА мен Шалқардың көлдете суару жүйесін қалпына келтіру қажет. Бұл үшін өкілетті органдардың қаржысы керек.
«Арқа ажарының» өз ақпараттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар