Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2017 жылғы 28 маусымға тағайындау туралы - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2017 жылғы 28 маусымға тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес, 2011 жылғы тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2017 жылғы 28 маусымға тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 27 сәуір №468
(«Егемен Қазақстан», 28 сәуір, 2017 жыл).

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар