Адамзат ұмытпайтын теңдессіз ерлік

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Көкшетау қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері  Асылбек Дәулетов пен Александр Кияткиннің шаңырақтарында болып, қасиетті Жеңісті жақындатқан қос майдангерді ұлық мерекелерімен құттықтады.

1943 жылдың қаңтарында нағыз соғыс қызып тұрған шақта он сегізге де толмаған Асылбек Дәулетов өзі сұранып майданға аттанады. Алдымен,  Фрунзе қаласында үш айлық әскери дайындықтан өтіп, Карелияны ақ финдерден азат етісіп,  1944  жылдың күзінде Украин майданы десантшылар бригадасының құрамында зұлым жауға қарсы ерлік жолын одан әрі жалғастырады. Ұлы Жеңісті Австрия жерінде қарсы алған ержүрек майдангер соғыстан кейін де ұзақ жылдар бойы партия, кеңес  органдарында жауапты басшылық қызметтер атқарады. Бұл күнде тоқсаннан асқанымен, әлі тың. Облыс басшысы қарт майдангерді Жеңіс мерекесімен құттықтап, сый-сияпатын жасады және денсаулығының зор болып, ұзақ өмір сүруіне тілектестігін білдірді.
Соғыс және еңбек ардагері Александр Тимофеевич Кияткин де облыс басшысына ел Президенті Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында тыныштық пен татулықтың жемісін  көріп отырғандығымызды айта келіп, өздері көрген сұрапыл соғыс енді қайтып болмасын деген тілегін жеткізді. Майдангердің науқастанып жүргенін естіп-білген облыс басшысы оған егер денсаулығы жараса, Астанаға барып емделуге жағдай жасайтынын айтты. Ардагер өз кезегінде облыс басшысының мереке алдында арнайы үйіне келіп құттықтағанына, әрі сый-сияпат жасап, хал-жағдайын білгеніне ақ көңілден алғысын білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар