Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетаудағы ескі мұсылмандар зиратында Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің анасы Әлия Оспанқызына, көрнекті дін қайраткері Науан Хазіретке және халқымыздың біртуар перзенті Сәкен Сейфуллиннің ұлы Аянға құран оқылды. - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетаудағы ескі мұсылмандар зиратында Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің анасы Әлия Оспанқызына, көрнекті дін қайраткері Науан Хазіретке және халқымыздың біртуар перзенті Сәкен Сейфуллиннің ұлы Аянға құран оқылды.

 

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне  орай, бұл шараны Мәлік Ғабдуллин музейі мен  «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Дұғаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкіл имамы Қуаныш Жұмабайұлы бағыштады. Бұдан соң облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл жұртшылыққа сол бір зұлмат қасіретті  таратып айтып берді.
Сәкен Сейфуллиннің  ұлы Аян  1936 жылы қараша айында дүниеге келген.  Кейбір деректерде заңғар жазушы Мұхтар Әуезов  сәбидің есімін қойғаны туралы айтылған. Өкінішке орай, Аянның ғұмыры ұзақ болмады. Еске алу  барысында ақын Алмас Темірбай Сәкен Сейфуллиннің  рухына арнап өлең оқыды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар