Алғашқы болып аяқтады

 

Аудан диқандары биылғы жылы 323,4 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар сіңіруді жоспарласа, бүгінгі таңда 262,8 мың гектарға аталмыш дақылдарды сеуіп үлгерді.

 

Күн ашық болса, егіс жұмыстары осы аптаның соңында аяқталады деп күтілуде. Алғашқылардың бірі болып «Колутон-04 АШК» серіктестігі жауапты науқанды аяқтап шықты. Серіктестік директоры Дүйсенбай Ілдебаев өз сөзінде биылғы жылы 16 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар сіңіргендерін, оның ішінде 13 мың гектарына бидай, қалған жерге арпа, сұлы, 2,2 мың гектар жерге біржылдық және көпжылдық шөп еккендерін атап өтті. Көктемгі егіс науқанын ерте аяқтауға екі егіс кешені мен 16 «К-700» тракторын пайдаланғандары септігін тигізген. Көктемгі егіс жұмысында Бисен Есеев, Федор Белаусов, Андрей Егоров, Николай Ридунов сияқты механизаторлар өнімді еңбектерімен көзге түсті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар