Көкшетаудағы ескі мұсылмандар зиратында Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің анасы Әлия Оспанқызына, көрнекті дін қайраткері Науан Хазіретке және халқымыздың біртуар перзенті Сәкен Сейфуллиннің ұлы Аянға құран оқылды.

 

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне  орай, бұл шараны Мәлік Ғабдуллин музейі мен  «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Дұғаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкіл имамы Қуаныш Жұмабайұлы бағыштады. Бұдан соң облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл жұртшылыққа сол бір зұлмат қасіретті  таратып айтып берді.
Сәкен Сейфуллиннің  ұлы Аян  1936 жылы қараша айында дүниеге келген.  Кейбір деректерде заңғар жазушы Мұхтар Әуезов  сәбидің есімін қойғаны туралы айтылған. Өкінішке орай, Аянның ғұмыры ұзақ болмады. Еске алу  барысында ақын Алмас Темірбай Сәкен Сейфуллиннің  рухына арнап өлең оқыды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар