Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
50 бала жазғы лагерьде дем алуға жолдама алды - АРҚА АЖАРЫ

50 бала жазғы лагерьде дем алуға жолдама алды

 

Облыс əкімі Мəлік Мырзалин 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні жұмыс сапарымен Атбасар қаласында болып, тұрғындармен кездесті, сондай-ақ, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларындағы бір топ балаға жазғы лагерьде  дем алуы үшін жолдамалар тарту етті.

 

Тұрғындармен өткен кездесуде облыс басшысы өңірде көктемгі су тасқынының зардаптарын жою жəне инфрақұрылым мен əлеуметтік нысандарды қалпына келтіру бағытында тиісті шаралар жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.
– Биылғы көктем біз үшін үлкен сынақ болды.  Су тасқынынан Атбасар қаласы көп зардап шекті.  Мұнда 644 тұрғын үй суда қалса, оның біразы жарамсыз деп танылды. Оған қоса, мектеп, балалардың сауықтыру лагері жəне көліктік коммуникациясына залал келді. Табиғат апатының зардаптарын жою үшін облыстық бюджеттен 660,6 миллион теңге қаржы бөлінді, – деді облыс әкімі өз сөзінде.
Одан әрі облыс әкімі Атбасарда көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларындағы 50 балаға «Discovery Borovoe» сауықтыру орталығына дем алуы үшін жолдама берді. Сонымен қатар, су тасқыны кезінде ағын суға батқан мектеп автобусындағы балаларды құтқаруға қатысқан аудан тұрғындары Қазақстан Респуб-ликасы Ішкі істер министрлігінің «Құтқару операциясына белсенді қатысқаны үшін», 3-ші дәрежелі  «Құтқарушы» төсбелгілері және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 16 сəуірінде «Атбасар-Көкшетау» тасжолында балалар мінген мектеп автобусын тасқын су жолдан тайдырып жіберген болатын. Осы күні бұл құтқару операциясына қатысқандардың барлығы марапатталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар