Көне шаһардың жәдігерлері

 

Ақмола облыстық  тарихи-өлкетану музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің  «Фараб – Отырар өркениеті»  атты көшпелі көрмесі ашылды.

 

Бұл шараның мақсаты – Отырар өлкесінен табылған қайталанбас жақұт жәдігерлерді көптің назарына ұсыну, дәріптеу, насихаттау болып табылады.  
Ашылу салтанатында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қадыржан Әбуев сөз сөйлеп, көне шаһардың тарихынан сыр шертетін көрменің өскелең ұрпаққа берер тағылымы зор екендігін баса айтты.
Көшпелі көрмеде археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған, ерте замандардың куәсі болып есептелетін түрлі заттар бар. Атап айтсақ саздан, шыныдан, қоладан, металдан, сүйектен жасалған жәдігерлер көп. Мұражай қоры жинағындағы ІХ ғасырларға тән археологиялық жәдігерлер мен ХІХ-ХХ ғасырлардағы этнографиялық зергерлік бұйымдар жиынтығы экспозицияланып, көрермендерге көне қала тарихынан мағлұмат беретін деректер қамтылды. Ғимараттарды әсемдеуге арналған құрылыс материалдары, зергерлік бұйымдар, қару-жарақтар, күміс, мыс, қоладан соғылған теңгелер де жиналғандардың қызығушылықтарын тудырды. Көрме маусым айының 17-іне дейін жалғасатын болады.
«Арқа ажарының»  өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар