Мал бақсаң, асылын бақ

 

Ауыл шаруашылығын дамытудың ең басты бағыттарының бірі – ет өнімдерін өндіруді молайту.

 

Серіктестік  2,5 мың бас асыл тұқымды ірі қара мал бағады. Ыждаһатты еңбектің арқасында мал басы көбейіп келеді. Асыл тұқымды ірі қара жергілікті жердің жазы ыстық, қысы суық болып келетін ауа райына тез үйреніп, жерсініп кетті.  Алғашында малды «2011-2015 жылдары Ақмола облысында ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытудың» өңірлік мемлекеттік бағдарламасы бойынша сатып алып, Қоскөл мен Ковыленка селоларында жаңа заманның жоғары талаптарына толық жауап беретін мал қоралары кешенін салдық.
Шаруашылық Чехиядан сатып алынған герефорд және «Аршалы» асыл тұқымды шаруашылығынан жеткізілген қазақтың ақбас сиырлары тәрізді өнімділігі жоғары мал тұқымы есебінен мал басын асылдандырып, көбейтуде. Біз таңдаған асыл тұқымды бұл ірі қаралар төлдеу, ет өндіру тәрізді барлық көрсеткіштер бойынша әлемде көшбасшы болып отыр. Герефорд бұқасы мен қазақтың ақбас қашарынан туған будан бұзау алғашқы күндердің өзінде жергілікті малдың бұзауынан ерекшеленеді. Ірі, күшті әрі төзімді, асыл тұқымды бұзаулар тәулігіне бір келіге дейін салмақ қосады. Бүгінгі таңда 2,5 мың бас ірі қара бағылады. Биыл туған бұзаулардың біразы сатылса, қалғаны мал бордақылау алаңына қойылады.
Қоралардағы малды суару үшін су құбыры тартылған. Шаруашылық үш мың бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын іске қосты. Келешекте ет өндіру көлемін жылына 250 тоннаға дейін жеткізуді межелеп отырмыз. Малдың ғана емес, ең алдымен малшылардың жағдайын ойластырудамыз. Қыстақ басында малшыларға арналған  жайлы үй салынды. Онда демалыс бөлмелерімен қатар, асханасы да бар. Түскі астың құны малшылар үшін небары 150-160 теңгеден айналады. Серіктестік жұмысшылардың өздеріне қажетті қысқы отыны мен шөбін дайындауға көмектеседі. Еңбекке деген ынтаны арттыру үшін өзгеден қара үзіп, жарыс жолын бастайтын жеңімпаздар, еңбек  озаттары материалдық тұрғыдан марапатталады.
Табыс тапқаннан кейін ауылдардың ажарын жақсартып, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін уақытылы шешу парыз. Серіктестік елді мекеннің мұң-мұқтажына көңіл бөліп,  әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға да көмек көрсетіледі.
Дүйсенбай ІЛДЕБАЕВ,
«Колутон-04 АШК»  серіктестігінің директоры.
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар