Мемлекеттік рәміздеріміз құрметтелген күн

 

Степногорск қаласында өткен Мемлекеттік рəміздер салтанатында  әр салада еңбек ететін бір топ қала тұрғындарына құрмет көрсетілді.

 

Салтанатты шараға қала әкімі Əнуар Күмпекеев қатысып, жерлестерін саяси маңызы зор мерекемен құттықтады. Алдымен Қазақстан Республикасының Əнұраны орындалып, көк Туымыз тұғырдың бойымен көкке көтерілді.
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді», – деп құттықтауын Елбасының сөзімен бастаған қала әкімі жерлестерін Мемлекеттік рəміздерді құрметтеп, қастерлеуге шақырды. Шара барысында қаланың əлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ тұрғындарға қала əкімінің Алғыс хаты тапсырылды. Олардың арасында қала прокуратурасының қызметкері Зарида Құдыярова,  полицияның аға лейтенанты Жанарбек Теміртас, қалалық соттың маманы Бауыржан Тайшықов, №9 мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары Зəуреш Мадиярова, сот орындаушысы бөлімінің инспекторы Алма Қайырова, мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Ирина Пустынникова, №2 құрылыс-техникалық колледжі директорының орынбасары Шолпан Омарова жəне «Мақсат» колледжінің директоры Гүлнəр Ыдырысова бар.
Сонымен қатар,  Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған қаланың ең үздік таңбасының жобасы байқауында топ жарғандар да марапатталды.
Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар