Оқиға

 

Қауіп-қатер айтып келмейді. Саяжайда жер өңдеп жүрген әйел адам жұмыс істеп тұрған культиваторға абайсызда арандап қалған.

 

Мертіккен әйелдің жағдайының ауырлығы соншалықты, жедел жәрдемді ғана емес, жедел құтқару жасағын да шақыруға тура келген.
Культиватордың өткір тісі әйелдің денесін бірнеше жерден талқандап, аяғын қатты жарақаттаған. Дәрігерлер культиватордың сынған тісінің денеге дендеп енген жартысын ғана ала алды. Қалған бөлігін алу мүмкін болмағаннан кейін шұғыл түрде облыстық ауруханаға жатқызылды. Сөйтсе, жас келіншектің жарақаты тым көп екен. Жеті күн бойы жасанды демалу аппаратына қосылды. Дәрігерлер бірнеше мәрте ота жасады. Сөйтіп, денеде қалған культиватордың тісінің бөлшектенген қалдықтары түгел алынды. Қазіргі күні сырқаттың денсаулығы бірқалыпты.
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар