Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты.

 

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес тараптар Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі жағдайына және оны дамыту перспективасына қатысты мәселелерді талқылап, ұйым аясында ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі бірлескен қадам жасау жайы, сондай-ақ, халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы басқосудың төрағасы ретінде отырысты ашып, Үндістан мен Пәкістанды Шанхай ынтымақтастық ұйымының толық құқылы мүшесі етіп қабылдау рәсімінің аяқталғанына назар аударып, саммиттің тарихи маңыздылығын атап өтті.
– Ұйымның құрамы алғаш рет кеңейіп отырғандықтан, біздің осы кездесуіміз тарихи шараға айналады десем, артық айтқандық емес. Бүгіннен бастап Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы Шанхай ынтымақтастық ұйымының толық құқылы мүшесі болды. Енді ұйымның жауапкершілік аясы 3 миллиардтан астам тұрғыны бар аумақты қамтиды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.          
Мемлекет басшысы қол қоюға ұсынылған Экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ШЫҰ конвенциясының өзектілігіне де тоқталды.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті «Бейбіт миссия» атауымен өткізілген бірлескен антитеррорлық жаттығулардың ұйымға мүше мемлекеттердің тәжірибе жүзіндегі ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, биылғы сәуір айында Астана қаласында ұйымдастырылған «Есірткісіз әлем үшін» атты халықаралық акцияға қатысқаны үшін барлық тарапқа ризашылығын білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде ШЫҰ-ның халықаралық ұйымдармен және бірлестіктермен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмысына жеке тоқталды.
Қазақстан Президенті еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өңірлік және жаһандық қақтығыстарды шешуге бар күш-жігерін салуға ұмтылатынын мәлімдеді.
Соңында Мемлекет басшысы ұйымды дамытудың барлық басты бағыттары бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне мемлекеттер ортақ күш-жігер жұмсағанда ғана қол жеткізуге болатынын атап өтті.
Отырыста, сондай-ақ, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Үндістан Республикасының Премьер-Министрі Нарендра Моди, Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Наваз Шариф, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті
Ашраф Ғани, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Моңғолия Президенті
Цахиагийн Элбэгдорж, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Рашид Алимов, ШЫҰ Өңірлік антитеррорлық құрылымының атқарушы комитетінің директоры Евгений Сысоев, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы – атқарушы хатшы Сергей Лебедев, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің Азиядағы атқарушы директоры Гун Цзяньвэй, Оңтүстік Шығыс Азия елдері қауымдастығының Бас хатшысы Ле Лыонг Минь, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Бас хатшысының орынбасары Аманжол Жанқұлиев сөз сөйледі.
Іс-шара регламентіне сәйкес, отырыс соңында
Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалық Қытай Халық Республикасына өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар