Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көптен күткен күн - АРҚА АЖАРЫ

Көптен күткен күн

 

Міне, халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі ашылатын қуанышты күн де келіп жетті.

 

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, еліміздің атын əлемге танытатын айтулы шараға дайындық жұмыстары туралы аз айтылған жоқ. Тіпті, көрмеге дайындық уақытында аяқталмай,  халықаралық қауымдастық алдында ұятты болып жүрмейміз бе деген қауіп болғаны жасырын емес. Десе де,  дайындық ойдағыдай ұйымдастырылып, павильондар уақытында дайын болды.
Көрме өтетін үш айда Астанаға көрмені көруге бес миллиондай адам келеді деп жобаланып отыр. Келушілердің 85 пайызы өз отандастарымыз болса, 15 пайызы шетелдіктер. Жас тəуелсіз мемлекетімізді əлемге танытатын халықаралық көрмені өткізу сияқты жауапты да мəртебелі міндетті мойнына алған Қазақстан 2014 жылы Парижде өткен халықаралық көрмелер бюросы бас ассамблеясының 155 сессиясында Қазақстанға халықаралық көрме туы табыс етілген сәттен бастап дайындық жұмыстарына кірісіп кеткен еді. Əр бес жыл сайын өткізілетін осынау айтулы шараны абыроймен өткізу оңай іс еместігін уақыт көрсетті. Елбасының тікелей ұйымдастыруымен қыруар шаруалар атқарылды.
Мемлекет басшысының жеке бақылауының арқасында көрмені өткізу жобасы тез əрі нәтижелі жүргізіле бастады. Халықаралық көрме Астанада өткізілетіні белгілі болған кезден бастап бірнеше жылдың ішінде ауқымды істер қолға алынып, үлкен жұмыстар атқарылды. Елбасы халыққа арнаған Жолдауында «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеттері өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тəртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бұл биік бəсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден-бекер емес. Оған бірнеше факторлар ықпал еткені аян. Елордамыздың əлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқандығы баршаға белгілі болды. Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары болғанын білдіреді жəне Еуразия өңірінде де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі» деп атап көрсетті.
Астанада өткізіліп отырған
«ЭКСПО-2017» тақырыбы жағынан да бүгінгі күннің өзекті мәселесіне арналғанын атап өткен жөн. Жыл өткен сайын анық сезіліп отырған қуат тапшылығы баламалы қуат көздерін табу қажеттігін күн тәртібіне қойып отыр. Қоршаған ортаның ластануы да қазіргі мұнай, көмір сияқты табиғат байлығын пайдалану көлемін шектеу қажеттігін көрсетеді.Көрме тақырыбы – Болашақ энергиясы. Көрменің басты мақсаты – адамдарды жауаптылыққа шақыру, пікірталастар туғызу жəне адамдардың табиғат үшін келетін зиянды барынша азайтып, қуат тұтынуды жоспарлап бақылай білуін үйрету.
Көрме кешенінің жалпы аумағы 174 гектар алаңды алып жатыр. Осы аумақта 36 нысан салынған. Көрме аймағында Қазақстанның ұлттық павильоны, халықаралық тақырыптық жəне ұжымдық павильонда сауда, көңіл көтеру нысандары орналасқан. Оған қоса, көрме аумағынан тыс орында мəжіліс орталықтары, баспасөз орталығы, жабық қала, тұрғын үйлер мен қонақ үйлер құрылыстары бар. Жалпы, ЭКСПО көрмесі Елордамыздың сəулет бейнесін жаңғыртып, көріктендіре түсетін айтулы кешен болып саналады. Осы орайда, Астана-2017 халықаралық көрмесі балама негіздегі қуат көздерін тауып, пайдалануға жол ашатын   мүмкіндіктерді көрсетеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар