Көрмеге келетін қонақтарды қарсы алуға дайынбыз

 

Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі – ел мерейін арттырып, әлемдік қауымдастық алдында мәртебемізді биіктететін маңызды имидждік жоба. Біздің облысымыз да игілікті іске белсене атсалысатын болады.

 

Табиғаты тамылжыған Щучинск-Бурабай курортты аймағы, ажарлы Ақмол ауылы және күміс көлді Қорғалжын қорығы тәрізді сулы, нулы, көркем табиғаттың аясына көрме қонақтарының барып демалуы әбден мүмкін. Сондықтан, күні бұрын дайындық жасалды.  
Әкімдіктер мен аймақтың құқық қорғау органдары алыстан ат арытып келетін меймандарға барлық қолайлы жағдай туғызуға және қауіпсіздік мәселелерін күшейтуге жіті көңіл бөліп отыр. Облыстық прокуратураның бастамасымен халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі өтіп жатқан уақытта қоғамдық қауіпсіздікті және көпшілік орындардағы құқықтық тәртіптің сақталуын  қамтамасыз ету үшін кешенді іс-шаралар жоспары дайындалды. Жоспар 10 сәуірде облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілді. Тұрақты ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді.
Көрме жұмысының қарсаңында облыс прокуратурасының ұсынысы бойынша комиссияның кезекті отырысы құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшыларының қатысуымен өткізілді. Дайындық кезеңінің нәтижелері туралы есептер тыңдалды.
Көкшетау әуежайындағы әзірлік, жедел алдын алу шаралары, оқу-жаттығу өткізілді. Сондай-ақ, санитарлық бақылау күшейтілді, жедел көмек көрсету тобы құрылды.
Кешенді жоспарды жасау барысында облыс тұрғындарының, сонымен бірге, меймандардың қолайлы жағдайы  мен қауіпсіздігі кеңінен ескерілген. Осы дайындықтың бәрі  Астанамызда үш ай бойы өтетін көрме барысында өңірімізге келетін қонақтарды лайықты қарсы алып, қошаметпен шығарып салуға берік негіз бола алатынына сенім мол.
Облыс әкімінің  баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар