Алты Алаштың ардағына арналды

 

Ақмола облысы бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінде Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына байланысты «Алаштың ардағы – Ж.Аймауытов» атты ашық сабақ өтті.

 

Соңында әдеби мол мұра қалдырған қазақтың ардақты перзенті Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына арналған ашық сабаққа департамент қызметкерлері белсене қатысты. Сабақта тыңдаушылар Жүсіпбек Аймауытовтың өмір жолы мен шығармашылық қызметі Алашорда партиясын құру және оны нығайту жолындағы еңбектерімен, мұражайға қойылған түрлі мұрғаттармен жан-жақты танысып, мол ақпараттар алды. Сондай-ақ, алаштың ардақты азаматы туралы бейнебаян көрсетілді. Биыл 100 жылдығын атап өтіп отырған Алаш қозғалысының арманы – қазақ елінің бодандықтан құтылып, тәуелсіз мемлекет болуы еді.
Қазір міне, сол Алаш ардақтыларының арманы орындалып, егемен еліміз әлем қауымдастығынан лайықты орнын алып отыр.

Ләззат ҚОҚЫШЕВА,
облыстық оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар