Музейге Бөгенбай батырдың айбалтасы тапсырылды

 

Елбасының бастамасымен ашылған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейіне Қанжығалы қарт Бөгенбай батырдың кісесі мен айбалтасы тапсырылды.

 

Батырдың көзі тірі кезінде ұстаған қаруы мен кісесін тапсыру рәсіміне Ерейментау ауданының әкімі Ермек Нұғыманов  бастаған бірқатар өңірдің белгілі азаматтары қатысты. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров Бөгенбай батырдың қаруы мен тұтынған заты музейдің ең құнды мұрағаттарының қатарынан орын алып, жастарға отансүйгіштік тәрбие беруге үлкен септігін тигізетініне сенім білдірді. Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев пен жазушы Алдан Смайылов та осы айтулы оқиғаға қатысты жүрекжарды жылы лебіздерін айтты. Тарихшы ғалымдар Айман Досымбаева мен Зейнолла Қамашев қазақ халқы үшін аса ауыр кезең болған Ақтабан шұбырынды заманында жоңғарларға қарсы шайқаста асқан ерлік көрсетіп, елі мен жерін қорғаған даңқты батырдың өмірі мен ерлігі жайында қызықты әңгіме айтып берді.
Ерейментау ауданының әкімі Ермек Нұғыманов ереймен жерінен шыққан атақты адамдардың көптігін айта келе, Бөгенбай батырмен үзеңгілес жолдас болған Жантай батыр туралы жазылған жыр кітабын музей директоры Перизат Өтеповаға тапсырды. Бұл шараға Бөгенбай батырдың ұрпақтары Дайыр Жұмабеков пен Жабай Кенжалиннің отбастары да қатысқанын айтып кеткен артық болмас.

Раушан БАРЖАҚСЫ.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар