Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мерейлі отбасында мейірім көп - АРҚА АЖАРЫ

Мерейлі отбасында мейірім көп

 

Сүттей ұйыған бұл шаңырақтың үлкені Үміт Нұрғалиқызы. Кейінгі жас толқынға өмірі өнеге боларлық адам. Бүгінде 83 жасқа толып отыр.

 

Адам бойындағы мейірім-шапағат тәрізді әдемі қасиеттерді әжейдің бойынан көруге әбден болады. Сан ғасыр бойы дархан даланың, дархан далада күн кешкен адамдардың қағидасын таразы басына тарта келе, дана халқымыз «ақылы терең адамның аясы кең» деп тұжырымдаса керек. Міне, сол айтылғандай Үміт апайдың да өз бала-шағасына ғана емес, тұтас ауыл тұрғындарына үлгі болар тұстары аз емес. Төрт баладан өрбіген 17 немеренің, алты шөберенің әжесі болып отырған жайы бар.
Сонау 1935 жылдың 30 сәуірі күні бұрынғы Новочеркасск ауданына қарасты Өрнек ұжымшарында дүниеге келген апай мектеп бітірген соң Қарағанды медицина училищесінде білім алған. Кейін Ораз Бейсенов есімді жас дәрігер екеуі шаңырақ көтерген. Екі жас маманның еңбек жолы Есіл ауданынан басталып, өңірдің Торғай, Державинск, Жаңадала аудандарында жалғасқан.
Адамға деген құрмет пен ізет әркімнің өз еңбегіне байланысты. Адал еңбектерінің арқасында қай жерде жүрсе де Ораз ағай мен Үміт апай халықтың құрметіне бөленген. Еңбегі еленіп, Денсаулық сақтау ісінің үздігі атағына ие болған. Әр жылдары алған медальдары мен марапаттары жетерлік.  
Үлгілі отбасының перзенттері де әртүрлі салада абыройлы еңбек етуде. Көненің көзіндей қазыналы қарттар қандай құрметке болсын әбден лайықты. Адал еңбектің ұшпаққа шығаратындығын, қара ормандай қордалы отбасының ұйытқысы бола білген адамдар ардақтауға лайық екендігін ескере келе, апайдың мазмұнды да мағыналы өмірінен сәл ғана сыр шерттік. Кейінгі жас толқынға мысал болуы үшін.
Гүлмария ЫҒЫШОВА.
Тасты-Талды ауылы, Жарқайың ауданы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар