Рухы мықты елдің болашағы да баянды

 

Таяуда Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қаламгер, көп қырлы талант иесі Қасымхан Бегмановпен кездесу болып өтті.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған өзекті мәселелермен орайласатын салмақты ой айтылып, ізетті сөз өрілген жүздесуді «Алтын Арқа» ақпараттық орталығының жетекшісі Серік Жетпісқалиев ашып, жүргізіп отырды.
Жүздесу барысында алдымен ұрпақ тәрбиесі, олар қайтсе мемлекетшіл, отаншыл болып өседі деген сауалға жауап ізделді. Сондай-ақ, ұлт тағдыры мен ұлттық құндылықтарымызға да айрықша назар аударылды. Бүгінгі күні барша ел болып Ұлы дала еліне айналудың қамын жасап жатқан кезде көздеген мақсатқа жету үшін ең алдымен ұлттық рухымыздың мықты болуы керектігі хақында ой өрістеді. Жалпақ жұртқа тұлға болатын алыптарымыз аз емес. Соның бірі – Мұстафа Шоқай. Мұстафа Шоқайдың есімін жалған жаладан арашалап алу үшін ақын айта қаларлықтай еңбек еткен. Он жыл ғұмырын сарп етіп, осы тақырыпты зерттеген. «Мұстафа Шоқай жолымен» атты деректі фильм түсірген, зерттеу еңбегін жариялаған.
Тағы бір танымдық еңбегі де жүздесу барысында көбірек айтылды. Ол зерттеуші ғалым, әйгілі этнограф Жағда Бабалықұлымен сұхбаты. Осы сұхбат «Этнографпен әңгіме» деген тақырыппен жеке жинақ болып шыққан.
Жүздесу барысында жазушы Төлеген Қажыбай, тарихшы Мұсатай Ғалым, ардагер ұстаз Мұрат Ыдырысұлы тәрізді ұлт жанашырлары өздерін толғандырып жүрген мәселелерді көтеріп, пікір алмас-
ты. Кеш құлақ салып тыңдаған адамға үлкен әсер беретін мазмұндылығымен ерекшеленді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар