«Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының отырысында жаңа төраға сайланды.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған Еркебұлан Балбергеновтың кандидатурасын жиналған қауым бірауыздан қолдап, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы етіп сайлады. Ал, бұған дейін осы қызметте жемісті еңбек еткен Жанаргүл Жүнісова «Қазақстан жастары конгресі» атқарушы директорының орынбасары болып тағайындалды.
Шара барысында партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов жаңа төрағаға сәттілік тіледі. 1992 жылы дүниеге келген Еркебұлан Балбергенов Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің түлегі. Осы оқу орнының заңтану кафедрасының аға оқытушысы Ерлан Наурызбаев студент кезінен бастап қоғамдық іс-шараларға белсене араласқан шәкіртінен зор үміт күтетінін айта келіп, алдағы жұмысында да биіктен көрінетініне сенім білдірді.
Назгүл РАБИЛОВА.