Жасыл экономика жалпы ішкі өнімді арттырады

2050 жылға қарай жасыл экономика аясында қазақстандық реформа Қазақстанның жалпы ішкі өнімін 3 пайызға арттырып, 500 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» халықаралық конференциясы барысында мәлімдеді.
«2016 жылы біз  климат бойынша Париж келісімін ратификациялай отырып, парниктік газдың қалдығын төмендету  міндетін қабылдаған  болатынбыз. Қазіргі таңда Қазақстан экономикасында  үшінші жаңғырту болып жатыр. Біз 2050 жылға қарай  жасыл экономика аясындағы реформа бойынша  Қазақстанның ЖІӨ-сін 3 пайызға арттырып, 500 жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз. Энергия әрбір адам өміріндегі қызметтік құрам болып табылады. Қазір әлемдік экономика  технологиялық инновациялар бойынша өзгеріп жатқанын көріп отырмыз. Ол сынақ пен мүмкіндікті қатар  сыйлауда», – деді Премьер-Министр.
Б.Сағынтаевтың айтуынша, ағымдағы жағдайды талқылап қана қоймай, өзге елдердің Үкіметі мен халықаралық ұйымдар бірігіп энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеу керек.
«Қазақта «Не ексең, соны орасың» деген дана мақал бар. Бүгін жаһандық энергетикалық нарық үшін жаңа модельдер керек, ол әлемдік экономиканың дамуына серпін сыйлайды. Бұл дегенің экономикалық даму мен планетаның экожүйесін сақтап қалудың жолы. Біздің алдымызда тұрған жауапкершілік осы. Бүгінде халықаралық қауымдастық   жаңа энергетикалық жүйені құрып, тұрақты энергетика саясатын енгізу мақсатын көздеп отыр», – деді Министрлер кабинетінің төрағасы.
Қазақстан тұрақты энергетиканы дамытудағы барлық халықаралық қауымдастықтар мен қызығушылық танытқан тараптарды  қолдайды.
«Қазақстан  жедел дамып жатқан ел ретінде тұрақты энергетиканы дамытудың ұзақмерзімді стратегиясын  қолдайды. Осыдан он жыл бұрын Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында жаһандық энерго-экологиялық стратегияны әзірлеп, оны  БҰҰ тұрақты даму саммитінде талқылауды ұсынған болатын. 2011 жылы БҰҰ сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев  жасыл көпір серіктестік бағдарламасын ұсынды, ол өңірдегі жасыл экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған. 2012 жылы бұл бағдарламаны  Рио-20 тұрақты даму жөніндегі БҰҰ саммитінде қолдады», – деді Б.Сағынтаев. Айта кетейік, 2013 жылы Қазақстан жасыл экономикаға көшу туралы тұжырымдаманы қабылдады.
«Қазақстан БҰҰ  мақсатына сәйкес энергетика саласындағы БҰҰ саясатын қолдайды. Бүгінгі конференцияның декларациясы ЭКСПО-2017 құндылықтар манифестіне енеді», – деді Б.Сағынтаев.
strategy2050.kz.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар