Көрме аясындағы шара

 

EXPO аясында ұйымдастырылатын WSEC-2017 Конгресі 19-20 маусым аралығында ЭКСПО аумағының Конгресс орталығында өтеді.

 

300-ден астам шетелдік ғалымдар мен инженерлер Конгресс делегаттары қатарына кірген. Олардың арасында – Нобель сыйлығының төрт лауреаты және «Жаһандық энергия» Халықаралық сыйлығының 8 лауреаты, белгілі сарапшылар, жетекші ғалымдар мен әлемнің ірі энергетикалық компанияларының басшылары. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткізілген баспасөз конференциясы барысында Конгрестің бас үйлестірушісі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы төралқасының бас ғалым-хатшысы Гүлбазар Медиева хабарлады.
«Біздің форумға 11 беделді халықаралық ұйымдар өз өкілдерін жіберуде. Олардың ішінде Masdar ғылым және технология институты, «Жаһандық энергия» Халықаралық сыйлығын құру бойынша коммерциялық емес ұйым, Ольденбург университеті (Германия) және Әлемдік энергетикалық кеңес, Халықаралық энергетикалық агенттігі (Франция), Инженерлік істің Корольдік академиясы (Ұлыбритания) және басқалар», – деді ол.
WSEC біздің елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Конгреске еліміздің екі ірі ғылыми ұйымдары – Ұлттық инженерлік академиясы мен Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы бастамашылық етті. Конгресті ҚР Энергетика, ҚР Білім және ғылым министрліктері қолдады. Форумның тақырыбы
ЭКСПО тақырыбымен толық үндеседі, «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асыру әдістері».
Қазақстанның ғалымдары 200-ден астам баяндамаларды және ғылыми әзірлемелерді ұсынады. Мұндай Конгресс біздің еліміз үшін өте маңызды әрі ол ЭКСПО маңызын арттыра түседі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар