Облыс орталығындағы Абылай хан алаңында «Зеленое будущее» қоғамдық қоры жастардың қатысуымен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған флэшмоб өткізді.
Қоғамдық қордың қызметкері Мәнсия Есекееваның айтуынша, осындай іс-шаралар арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке баулып, оларды азаматтық-патриоттық рухта тәрбиелеу көзделуде.
Сонымен қатар, аталмыш қор халықаралық мамандандырылған көрмеге орай әлі де бірқатар іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Мәдени шара барысында жастар би билеп, серуенге шыққан қала тұрғындарына көрме жайында ақпарат берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.