Көптің назарын көрмеге аударды

 

Облыс орталығындағы Абылай хан алаңында «Зеленое будущее» қоғамдық қоры жастардың қатысуымен «ЭКСПО-2017»  халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған флэшмоб өткізді.

 

Қоғамдық қордың қызметкері Мәнсия Есекееваның айтуынша,  осындай іс-шаралар арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке баулып, оларды азаматтық-патриоттық рухта тәрбиелеу көзделуде.
Сонымен қатар, аталмыш қор халықаралық мамандандырылған  көрмеге орай әлі де бірқатар іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Мәдени шара барысында жастар  би билеп, серуенге шыққан қала тұрғындарына көрме жайында ақпарат берді.

«Арқа ажарының» өз  ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар